Қазақстан 5 жыл ішінде 118 млрд доллар көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан 5 жыл ішінде 118 млрд доллар көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр

05.12.2017

Биыл 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестиция стратегиясы да қабылданған еді. Құжат аясында индустриалды-инновациялық дамытудағы басты салалар мен қай елдермен ынтымақтастық нығайтылатыны анықталды. Бұл мемлекеттердің ішінде 11-не басымдық беріліп отыр. Олар: АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері. Ал, қаржы құюды қажет ететін басты салалар: көлік жасау, тамақ өнеркәсібі, мұнай, газ және пайдалы қазбаларды өңдеу.

Хабарламаларға жазылу