Полиция қызметкерлері күшейтілген кестеде жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция қызметкерлері күшейтілген кестеде жұмыс істеп жатыр

20.03.2020

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша полиция департаментінің толық құрамы күшейтілген кестеде жұмыс істеп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары өздерімен бірге жеке төлқұжаттарын алып жүрулері шарт. Өйткені, оны полиция қызметкерлері міндетті түрде талап етеді. Ал, Талапкер, Қоянды, Қараөткел, Жібек Жолы кенттерінің тұрғындарына қалаға кіріп-шығуға рұқсат бар. Тек, жұмыс орнынан анықтама немесе тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтаманы көрсету керек. Себебі, аталған кенттер карантин аумағына кіреді.

Хабарламаларға жазылу