Қарағандыда 2 адамнан коронавирус анықталды.
«Өкінішке қарай, біздің облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы екі оқиғасы анықталды. Екеуі де шетелден келген. Вирус Минск-Нұр-Сұлтан рейсімен келген ұшақ жолаушыларынан табылды. 18 наурызда борт елорданың карантинге жабылуына байланысты Қарағанды қаласындағы әуежайға қонды. Бұл күні Нұр-Сұлтанға 3 халықаралық борт келді. Жолаушыларды қарсы алу кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары сақталған. Қалада карантин жариялауға негіз жоқ», - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.