Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан зардап шеккен шағын және орта кәсіп иелеріне қолдау болатынын айтты. Бұл туралы ол твиттердегі парақшасына жазды.
«Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд теңге сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырамын», - деп жазылған мемлекет басшысының хабарламасында.