30 жылда Ұлттық қорда қомақты қаражат жинақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 жылда Ұлттық қорда қомақты қаражат жинақталды

19.03.2020

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының негізін қалаған тұлға. Президент болған 30 жылда ел экономика еселеп өсіп, бейбіт өмір салтанат құрды. Елбасы болашақта болатын фундаменталдық өзгерістерді дәл болжап, соған дайын болудың жолын үйретті. Жаһандық деңгейдегі киклжіңнің оңтайлы шешілуіне ықпал етіп, халықаралық ұйымдардың құрылуына ұйтқы болды.

Отыз жылда ұлттық қорда қомақты қаражат жинақталды. Соңғы дерекке сүйенсек, ол жерде 90 миллиард доллар бар. Бүгінгідей қиын-қыстау күнде қажетке жарар деген мақсатпен жинақталған қаражат бұл.

Қазақстан Еуразия конитентінің қақ ортасында отыр. Тоғыз жолдың торабы. Біздің территория арқылы өтетін транзиттік тауардың өзінен мол табыс табуға болады. Осыны ескере отырып, еуро стандартқа сай жолдар салынды. Ақпар үшін айта кетейік, тек былтырдың өзінде транзиттен ел қоржынына 1,5 миллиард доллар түскен.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу