АӘК тағайындау проактивті форматқа ауыстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АӘК тағайындау проактивті форматқа ауыстырылды

19.03.2020
АӘК тағайындау проактивті форматқа ауыстырылды

Әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) проактивті форматта тағайындалатын болады. Шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші кезекте жәрдемақы құрамы, тұратын мекенжайы және табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға тағайындалады. Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін деректерді тексеру жүргізіледі, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркелу (тіркеу), жылжымайтын мүліктің/көліктің болуы, табысы тексеріледі. Отбасы құрамы өзгермеген жағдайда өтініштер қолда бар деректер негізінде қалыптастырылады. Барлық ақпарат электрондық пошта және мессенджерлер арқылы жіберілетін болады.


Хабарламаларға жазылу