Орал қаласында төтенше жағдай тәртібін бұзған мейрамхана анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласында төтенше жағдай тәртібін бұзған мейрамхана анықталды

19.03.2020

Орал қаласында кешкі 10-нан кейін жұмысын тоқтатпай, тәртіп бұзған мейрамхана анықталды. Тыйым салынған уақытқа қарамастан бір топ адам көңіл көтеріп, туған күн тойлап жатқан. Арнайы рейд барысында осындай жәйтқа жол берген мейрамхана иесіне тәртіп сақшылары ескерту жасап, хаттама толтырды. Бұған дейін қағиданы сақтамаған 4 ойын-сауық орнының қожайынына ескерту жасалған.   

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу