Алматыда коронавирус жұқтырған 1 науқастың жағдайы күрт нашарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 науқастың жағдайы күрт нашарлады

19.03.2020

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады. Бұған дейін науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған еді. Тек бірнеше күн ем алған пациенттің өкпесі бұрыннан ауырғандықтан, асқынулар байқалған. Соңғы мәліметке сай, бүгін Алматыда тағы бір науқастың вирус жұқтырғаны белгілі болды. Ол 12-наурызда Краснодар-Мәскеу-Алматы бағытымен ұшып келген. Жолаушының өзге де науқастанған адамдармен байланыста болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта індетпен ауырғандар саны Алматыда 19-ға жетті.  

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу