Коронавируспен күресуге Елбасы қоры 200 миллион, «Nur Otan» партиясы 150 миллион теңге бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавируспен күресуге Елбасы қоры 200 миллион, «Nur Otan» партиясы 150 миллион теңге бөлді

18.03.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Тұңғыш Президент қоры короновирус індетімен күреске және Төтенше жағдай режимінде халыққа қолдау көрсету үшін 200 миллион теңге бөліп отыр. «Бүгінде Қазақстанда эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүзеге асып жатыр. Бұл әрекеттер қазіргі ахуалға сай және дер кезінде қолға алынды. Мемлекет теңдессіз шараларды қабылдап отыр. Қауіпті індетпен күресте отандық бизнес те қолдан келгенше көмектесуде. Мен бұл бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытуға және біздің қоғамның бірлігін көрсетуге шақырамын. Біз барлық сынақтан сүрінбей өтеміз. Біз біргеміз!», - делінген Тұңғыш Президенттің тапсырмасында. Қаржылық көмек пандемияға қарсы күреске жұмылған медицина қызметкерлеріне сыйақы беруге, қосымша медициналық бетперделер мен дезинфекциялау құралдарын сатып алуға жұмсалады. Сондай-ақ, қаражаттың бір бөлігі елордадағы балалар үйлері мен мамандандырылған ауруханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталады. Сондай-ақ елбасы «Nur Otan» партиясына да 150 миллион теңге бағыттауды жүктеді. Бұл қаржы карантин енгізілген қалалардағы жалғыз басты қарттар, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға көмек ретінде жұмсалмақ.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу