Карантин кезінде банк бөлімшелері қалай жұмыс істейді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин кезінде банк бөлімшелері қалай жұмыс істейді?

18.03.2020
Карантин кезінде банк бөлімшелері қалай жұмыс істейді?

Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы банк бөлімшелері карантин кезінде клиенттерге қалыпты режимде қызмет көрсетеді.

Банктер картаға жалақының, зейнетақының, жәрдемақының есептелуі мен түсуі, қолма-қол ақшаны банкомат арқылы шешіп алу, төлем және аударым операцияларының орындалуы сынды маңызды сервистерінің жұмысына кепілдік беріп отыр.

Банк бөлімшелерінде санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жиі жүргізіледі. 

Сондай-ақ банктердің онлайн сервистерін пайдалануға мүмкіндік бар.


Хабарламаларға жазылу