7 мыңға жуық қожалық иесі жерге салынатын салықтан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 мыңға жуық қожалық иесі жерге салынатын салықтан босатылды

17.03.2020

Көктемгі егіс науқанына жеңілдетілген жанар-жағармай бөлу мен аграрилерді қаржылай қолдау жылдам іске қосылуы тиіс. Бүгін онлайн режимде өткен Үкімет сағатында Асқар Мамин осындай тапсырма берді. Сондай ақ өңірлердегі егіс науқанының барысы жайлы есеп тыңдалды.

 «Кең дала» бағдарламасына 70 миллиард теңге бөлінді. Бес пайыз үстемемен берілетін несие аграрилердің тұрмысын тұрақтандыруға бағытталмақ. Айта кетейік, бұл былтырғымен салыстырсақ 10 миллиард теңгеге арттық.

Жер емген диқандар үшін тағы бір жағымды жаңалық. Шамамен, 7 мыңдай қожалық иесі жерге салынатын салықтан босатылды. Бұл ахуалы шатқаяқтап тұрған шаруаларға айтарлықтай демеу болары анық.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу