Аймақтарда вирустың алдын алуға орай сақтық шаралары күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аймақтарда вирустың алдын алуға орай сақтық шаралары күшейді

17.03.2020

Ресейлік «Аэрофлот» компаниясы еліміздің 8 қаласына әуе қатынасын тоқтатты. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей шекара бекеттерінде де шектеулер қойылды. Індеттің таралуына жол бермеу өңірлерде сақтық шаралары қарқынды жүргізілуде.

Өңірлерде маска өндірісі қарқын алды. Мысалы Семей қаласындағы тігін фабрикалары бір күнде 125 мың дана маска шығармақ. Ал Қостанайдағы «Большевичка фабрикасы 10 мың данасын өндірге қауқарлы. Қажеттілікке қарай өндіріс көлемін екі есеге дейін ұлғайта аламыз дейді. Бұған қоса емдеу мекемелеріне қажетті медициналық қорғаныш костюмдерін де тіге бастайды. Сонымен қатар Көкшетаудағы кәсіпорын да көпшілікке қажетті бетпердені өндіріп жатыр

Індеттің алдын алуға азаматтар да белсене кірісті. Атыраулық дизайнер Асыл Дюзбаева, волонтерлармен бірігіп күніне 100 маска тігіп, бетперделерді әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таратады.

Сағындық МАУҒАЗИН


Хабарламаларға жазылу