Ішкі істер министрлігінің жедел құрамы арнайы режимде жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігінің жедел құрамы арнайы режимде жұмыс істейді

17.03.2020
0:00:00
0:00:00

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев брифингте хабарлады. Министрлік қоғамдық тәртіпті сақтауға 8 мыңнан аса қызметкерді жұмылдырады. Бұдан бөлек Ерлан Тұрғымбаев коронавирус жұқтырғанын жасырып қалған адамдарға жаза қатаң екенін ескертті. Қазір тілшіміз Ақерке Бектас бізбен тікелей байланысқа шығып, өзге де ақпараттармен бөліседі.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына тиісті тіркеуден өткен адамдар кіре алады. Сонымен бірге қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті жекелеген адамдарға рұқсат бар. Бұдан бөлек, халыққа қажетті азық-түлік тауарларын тасымалдайтын автокөліктің кіріп-шығуына шектеу болмайды. Министр бірақ Денсаулық сақтау және Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, барлық барыс-келісті бақылайтын бекет қойылатынын жеткізді.


Хабарламаларға жазылу