Мемлекет төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады

17.03.2020

Осындай уақытта, жеке тұлғалар қарызын төлей алмай қалса, оның үстіне айыппұл мен өсімпұл қосылмайды. Мұндай талап екінші деңгейлі банктер, микроқаржылық ұйымдар, ломбарттардан алған қарыздарға да жүреді. Ал, Кәсіпкерлер үшін несие төлеу уақытын 3 айға дейін шегеріп беретін болды. Отандық өндірісті арттырып, импортты азайту үшін бизнес өкілдеріне несие беру жеңілдетілетін болды. Бұл тұрғыда несиелеудің жалпы көлемі 1 миллиард теңге дейін ұлғайтылып отыр.  


Хабарламаларға жазылу