Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 10 млрд теңгеге көп. Несиенің пайыздық мөлшерлемесі - 5 пайыз. Онлайн режимде өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осылай деп мәлімдеді.
Биыл елімізде 22,5 млн гектар алаңға дәнді дақыл егіледі. Дәл қазір оңтүстік өңірлерде егіс науқаны қызып тұр. Топырақ бетіндегі ылғалдың жеткілікті болуы күзде егін бітік шығуына оң әсер етеді деген болжам бар. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев көктемгі егіс науқаны кезінде агромдарға дизель отыны төмендетілген бағамен сатылатынын айтты. Дизельдің әр литрі өндірушілер үшін 172 теңге болмақ. Бұл нарықтағы бағадан 21 теңгеге арзан. Үкімет басшысы Асқар Мамин берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау вице-премьер Роман Склярға жүктеді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ