Шымкент қаласында 4 өзбек азаматы газдан уланып мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында 4 өзбек азаматы газдан уланып мерт болды

16.03.2020

Шымкент қаласында 4 азамат газдан уланып қайтыс болды. Осы топта болған тағы бір азамат денсаулығы нашар хәлде ауруханаға жеткізілді. Марқұм болған азаматтардың барлығы көршілес Өзбекстан Республикасының азаматтары. Шымкентке табыс табу үшін келген еңбек мигранттары. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәлімет бойынша гастербайтерлердің жансыз денесі шаһардың индустиралды аймағындағы темір контейнерлердің бірінен табылған. Жергілікті кәсіпкер сол жерден кәсіпорын ашпақ болып, айналаны тазарту үшін шетелдік жұмыс күшін жалдапты. Ал, шетелдік еңбек мигранттары контейнердің ішіне күл-қоқысқа арналған темір жәшіктен пеш істеп, жылынбақ болған. Қайғылы оқиға соның салдарынан болған. Ымырт түсе қалың ұйқыға кеткен бес адамның төртеуі сол күйі оянбады.  


Хабарламаларға жазылу