Доллар өскен сайын сырттан келетін тауарлардың бағасы қымбаттайды. Бұл азық-түлікке де қатысты. Дегенмен, халыққа қажетті тауарлардың бағасын өсірмей, бақылауда ұстап тұрамыз. Бүгін мәжілістегі үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осылай деді. Барлық өңірлерде арнайы комиссия дүкен сөрелеріне қойылған тауарлардың саны мен бағасына бақылау жүргізіп жатыр.
Бағаны негізсіз өсіретіндер бізде әзірге жүгенделмей тұр. Әлем елдерінде өнім тұтынушыға жеткенше бастапқы бағадан белгілі пайызға ғана өсуі шарт. Қазір Мәжілісте осындай заң жобасын қарауға алынған.
Төтенше жағдайға байланысты шекараның жабылуы өзіміздің кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Ішкі нарық толық қолға тиген кезде өндіріс көлемін еселеуге болады. Шаруаларға мемлекет тарапынан да қолдау қажеттігін айтады министр.
Оңғар АЛПЫСБАЙ