Үкіметте төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік комиссия отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік комиссия отырысы өтті

16.03.2020

Бүгін сондай-ақ Үкімет басы Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Онда инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу шараларына қатысты салалық ведмоства басшылары баяндама жасады. Үкімет басшысы барлық ұйымдар мен нысандарда эпидемияға қарсы шаралар өткізу, дәріханалар желісін дәрі-дәрмектермен және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Ішкі істер министрлігіне медициналық және карантиндік нысандарды жіті қорғауды міндеттеді.  

Хабарламаларға жазылу