Бірақ төтенше жағдайға байланысты бас қаланың тіршілігі тұраламайды. Қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істейді. Тек соңғы аялдамада автобустар толық дезинфекцияланады. Ал қоғамдық тамақтану орындары мен мейрамханалар есігі кешкі сағат 10-ға дейін ғана ашық. Келушілер санын 50-ден асырмау көзделіп отыр. Уақытша қызметі тоқтаған нысандар қатарында кинотеатр, театр, көрмеден бөлек түрлі көңіл көтеру орыны, компьютер клубы, фитнес орталық пен бассейн бар. Ірі сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне де шектеу қойылды. Ал азық-түлік дүкендері, супермаркеттер мен азық-түлік базарлары әдеттегі режимде жұмыс істей береді. Тек санитарлық және дезинфекциялық сияқты сақтық шаралары күшейтіледі. Азық-түлік сатылмайтын базарлар сағат 11 мен 17:00 аралығында ғана ашық.
Нысаналы Ығыл