Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Біреуі Алматыға Мәскеуден 10 наурызда ұшып келген. Қазіргі таңда карантинде жатыр. Екіншісі Варшава-Нұр-Сұлтан ұшағымен келген.
Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны 6-ға жетті. Оның 4-еуі Алматыда, 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында.