Түркияның мектептері каникулға шығатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның мектептері каникулға шығатын болды

13.03.2020

Түркияның мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары да дүйсенбіден бастап каникулға шығатын болды. Бұл туралы ел Президенті Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен өткен коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы жиыннан соң елдің Білім министрі Зия Селчук хабарлады. 16 наурыздан бастап елдегі барлық мектептер бір апталық, ал жоғары оқу орындары үш апталық демалысқа шығады. Ал каникулдан соң оқушылар сабақтарын онлайн жалғастырмақ. Бұл үшін елдің барлық интернет операторлары оқушыларға 3 ГБ интернет пакетін тегін беретін болды.

Айдос ӘШІМҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу