Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматтарымен бір бортта болған жолаушылар карантинге жатқызылатынын айтты.
«Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар Алматы қаласындағы инфекциялық стационарда жатыр. Бірінші науқас 9 наурызда, екіншісі 12 наурызда келген. Олардың кім екенін жариялай алмаймыз. Екеуі де Қазақстанға ұшақпен ұшып келген. Бортта коронавирусты жұқтырғандармен бірге болғандардың бәрі де карантинге жатқызылады. Яғни, 9 наурызда бірге ұшқан 73 адамның кім екені анықталды. Олар бақылауда. Қайда екенін білеміз. Карантинге жатқызу шараларына кірістік. Олар ауру адамдар емес», - деді ол.
Сонымен қатар министр «Б» жоспары бүгін күшіне енгенін хабарлады.