Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов коронавирус инфекциясына байланысты супермаркеттер мен базарларда туындаған дүрбелеңге байланысты қазақстандықтарды сабырға шақырды.
«Бізде дүрбелең бар деген сөз шықса, ол ақпаратқа сенбеуге шақырамын. Әлеуметтік желілерде супермаркеттен түсірілген суреттің тарап жатқанын көрдіңіздер. Кез келген супермаркетте әрқашан әртүрлі суретті түсіріп, тарата беруге болады. Біз тауарлардың жетіспеушілігіне жол бермейміз. Дүрбелең туғызудың қажеті жоқ», - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.