Мұнай бағасы мен өндіру көлеміне қатысты ОПЕК-тің отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы мен өндіру көлеміне қатысты ОПЕК-тің отырысы өтеді

12.03.2020

Қазақстан 18 наурыз күні өтетін ОПЕК отырысына қатысады. Бұл жөнінде энергетика министрі мәлімдеді. Нұрлан Ноғаев кезекті жиын мұнай өндіруші елдердің бір келісімге келіп, қара алтын құнының өсуіне әсер етеді деген сенімде. Еске салайық, Ресей ОПЕК-ке мүше елдердің жыл соңына дейін шикізат өндіруді тәулігіне тағы 1,5 миллион баррельге дейін азайтуға қатысты келісімінен бас тартқан. Салдарынан қара алтын құны күрт арзандап кетті.

18 наурызға белгіленген ОПЕК жиыны да жаһанды жайлап жатқан коронавирустің кесірінен онлайн режимде өткізілетін болды.

Ләйла ДУЛАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу