Коронавирус қаупіне байланысты маңғыстаулықтар «Амал» мерекесін тойламайды. Облыста басқа да көптеген шаралар кейінге шегерілді. Өңірде зарарсыздандырумен айналысатын арнайы 18 мекеме бар. Науқастарды оқшаулайтын орындар да әзір. Бұған дейін карантинге жатқызылғандар үйлеріне жіберіліп жатыр. Соңғы 7 адам енді бір аптада шығады. Ал Ақтауда 15-наурызға жоспарланған футболдан Қазақстан премьер лигасының екінші туры көрерменсіз өтетін болды.
Ал Алматыда арнайы штаб жұмыс істеп тұр. Жалпы, қазір шаһарда барлық денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарында, сауда орындары мен кәсіпкерлік нысандарда санитарлық шаралар күшейтілді. Қоғамдық көліктерде де дезинфекция жасалады. Мамандар алдын алу мақсатында халық көп шоғырланған жерлерге бармауға кеңес беріп отыр.
Берік КӨШЕРБАЙ