Былтыр финалда Айбектен басым болған Роман Бобиков допинг тестен сүрінді. Ресейлік балуанның белдесуден кейін тапсырған сынамасынан тыйым салынған препарат табылды. Сондай-ақ Бобиков желтоқсан айында Ақтөбе қаласында өткен әлем чемпионатының күміс медалін де қайтаруы тиіс. ВАДА кодексін бұзғаны үшін орыс балуаны 2 жылға спорттан шектетіліп отыр. Осылайша Айбек Нұғымаров 3 дүркін «Әлем барысының» алтын белбеу иегері атанып отыр.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ