«ESTATE Ломбардтың» директоры Әсет Ысқақов Қырғызстанда қолға түсті. Күдікті ақпан айында шекараны кесіп өтіп, Бішкек қаласында жасырынған. Осылайша, қаржы пирамидасын ұйымдастырып, елден қашып кеткен 3 күдікті де қамауға алынды. Жедел тергеу шараларының нәтижесінде полиция жалпы 17 күдіктіні ұстаған.
Аружан ДӘРІБАЙ