Алматыда коронавирусқа қарсы штаб жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирусқа қарсы штаб жұмыс істейді

12.03.2020

Алматыда коронавирус инфекциясы тіркелсе, дайындық шараларына қатысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұйрығы бар деген ақпарат жалған. Шаһарда коронавирус тіркелген жоқ. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Қазір инфекция таралуының алдын алу бойынша Өңірлік штаб жұмыс істеп тұр. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаладағы түрлі медициналық нысандарда 1-а санаты бойынша 490 адам оқшауланған. Карантинде жатқандарда катаралды құбылыстар мен дене қызуының көтерілуі байқалмаған. Мамандар вирустық аурулардың алдын алу мақсатында халық көп шоғырланған жерлерге бармауға кеңес беріп отыр.


Хабарламаларға жазылу