Қазақстандағы спорттық шаралар көрермендерсіз өтеді. Коронавирустың алдын алу үшін Үкімет осындай шешім қабылдады.
«Коронавирустың таралуына байланысты елімізде 13 наурыздан бастап қоғамдық шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізілмейді. Алайда спорттық матчтар тоқтатылмайды, тек көрерменсіз өтеді», деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.