Оқушылар 16 наурыздан бастап каникулға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар 16 наурыздан бастап каникулға шығады

12.03.2020
Оқушылар 16 наурыздан бастап каникулға шығады

Коронавирустың таралуына байланысты мектеп оқушылары 16 наурыз-5 сәуір аралығында каникулға шығады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. 

«ДДCҰ коронавитусты пандемия деп жариялады. ҚР Президенті нақты тапсырма берді. 13 наурыздан бастап қоғамдық шаралар өткізілмейді. 16 наурыз-5 сәуір аралығында орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16 наурыздан бастап ЖОО-лар қашықтықтан оқытуға көшеді. Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Хабарламаларға жазылу