Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 22 пайызға кеміп кетпен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 22 пайызға кеміп кетпен

11.03.2020

Коронавирусқа байланысты Қытайдан Қазақстанға келетін кейбір тауарларға уақытша шектеу қойылып, сауда айналымы қаңтар-ақпан айларында 22%-ға азайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр осы уақытта шекарадан жүк тиеген 14 мыңға жуық автокөлік кірсе, биыл бұл көрсеткіш 11 мыңға дейін төмендеген.  

Комитет төрағасының сөзінше, былтыр салықтық тексеріс нәтижесінде 344 миллиард теңге көлемінде заңбұзушылық анықталған. Кәсіпкерлік субъектілерге тексеріс азайғанымен, бизнес иелері тарапынан заңбұзушылық 2 есеге көбейген.

Айдос ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу