Шекарадағы шектеуге байланысты Ақтауда көкөніс қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарадағы шектеуге байланысты Ақтауда көкөніс қымбаттады

11.03.2020

Ақтауда көкөніс бағасы шарықтап кетті. Қызанақ пен қиярдың келісі 1500 теңгеден саудаланды. Жергілікті билік дереу шара қолданып, түстен кейін баға орнықты. Ал Павлодар облысының әкімдігі қымбатшылыққа жол бермеу үшін әлеуметтік сауда орындарының қатарын көбейтті. Ауыл шаруашылығы тауарын шығаратын 20-дан аса кәсіпорын өнім бағасын көтермейміз деп уәде беріп отыр.  

Иран мен Әзірбайжаннан келетін тауарларға шектеу қойылғаннан кейін, Ақтауда көкөніс бағасы қымбаттап кетті. Тасымалдаушылар амалсыз Түрікменстаннан қымбат өнім әкелуге мәжбүр болған. Одан басқа азық-түліктің бағасы тұрақты. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарларға аптасына екі рет мониторинг жүргізіледі. Тағамдар қорын толықтыру үшін, өңірде тұрақтандыру қорына бюджеттен 100 млн теңге бөлінген.

Ал Павлодарда азық-түлік бағасы тұрақты. Бұған дейін 23 әлеуметтік дүкен болған, қосымша тағы 7 дүкен ашылды. Қала базарларында да сауда қызып тұр.

Сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлер оңтүстүктегі шаруалармен ерте көктемде-ақ жиылатын өнімдерді арзанға сатып алатын болып келісті.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу