Әлемде мұнай бағасы екінші күн қатарынан өсіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай бағасы екінші күн қатарынан өсіп келеді

11.03.2020

Brent маркалы «қара алтын» құны 3,2 пайызға артып, барреліне 38,72 долларға жетті. Дегенмен, қор биржасындағы жағдай оңалмай тұр. 

Кеше АҚШ-тың құнды қағаздар акциясы сәл қымбаттаған. Оған ел президенті Дональд Трамптың экономиканы тұрақтандыру үшін шара қабылдау жөніндегі жоспары себеп болды. Алайда, бүгін Нью-Йорк биржасының акциялары тағы арзандап кетті. 

Азия нарығында да осындай жағдай. Сейсенбіде индекс көрсеткіштері тұрақталғанымен, бүгін сәл төмендеді. Құнды қағаз құнының құбылуына мұнайдың бағасы ықпал етіп отыр. Ал, S&P агенттігінің сарапшылары болса, биыл мұнай құны барреліне 40 доллардан, келер жылы 50 доллардан аспайды деп болжап отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу