Бензиннің бағасы 165 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Парламент Сенатында «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымында Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті.
Дегенмен, қымбаттау уақытша құбылыс. Елдегі мұнай өңдеу зауыттарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Жұмысын толық бастаған соң жанармайдың ұсынысы артады. Бұл бағаның қайта төмендеуіне алып келеді, - деді ол.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ