Мұнайдың бағасы алдағы 2-3 күнде қайтадан 40 доллардан жоғары көтеріледі. Қазақстандық сарапшылар осындай болжам жасап отыр.
Ең ірі мұнай өндірушілер, яғни ОПЕК ұйымының мүшелері. Бәрінің ортақ ниеті біреу ғана болатын - коронавирустың салдарынан құлдыраған мұнай өндірісін азайту еді. Алайда, Ресей мұндай қадамға бармайтынын мәлімдеп, жиналғандарды абдыратты. Олардың позициясы мынаған саяды - Ресей өндірісті тоқтатпайды, есесіне көбейтеді! Жиындағыларды көп күттірмей Сауд Арабиясы одан әрі таңқалдырды. Олар қара алтын бағасын одан бетер төмендетіп жіберді.
Тек мұнайдың арзандауынан Ресей күніне 150 миллион доллар жоғалтып жатыр. Сауд Арабиясы да пайдаға кенеліп жатқан жоқ. Соңғы екі күнде сапалы мұнайын арзанға сатып, 500 миллион долларын жоғалтты.
2017 жылы ОПЕК осындай ұсыныс жасаған кезде Қазақстан келісімге қол қойған еді. Ал осы жолы біздің елдің ұстанған бағыты берік - өндіріс көлемін қысқарту мүмкін емес. Өйткені жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Тек биылдың өзінде 90 миллион баррель қара алтын шығаратынымызды айтты энергетика министрі.
Дегенмен, қауіп сейіліп, сарапшылардың жағымды болжамы расталатын сыңайлы...
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ