Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12 пайыз деңгейіне көтерді. Банк төрағасы Ерболат Досаевтың сөзінше, шара бағаны тұрақтандыруға негізделген. Сонымен қатар Ұлттық банк теңгенің өзгермелі бағамын бұрынғыдай ұстана береді. Қажет болған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізіледі. Бұдан өзге, ел үкіметі шетелдік валюталарды сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу қойды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ