Ұлттық банк валюталық интервенция жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк валюталық интервенция жасады

10.03.2020

Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін валюталық интервенция жасады. Алайда интервенцияның қанша сомаға жасалғаны әзірге белгісіз. Ұлттық банк нақты ақпараттың тек апта соңында жарияланатынын хабарлады. Осы ретте Қазақстан қор биржасы валюта саудасында алғаш рет франкфурт аукционы әдісін қолданды. «Бұл әдіс негізсіз құбылмалылықтың алдын алу үшін Ұлттық банкпен бірлесіп әзірленді», -дейді биржадағылар. Бүгін Қазақстандық Қор биржасындағы сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясы бойынша, теңгенің долларға шаққандағы бағамы 393 теңге 50 тиын боп тұрақталды. Ал сауда-саттықтың жалпы көлемі - 319,5 миллион долларға жетті. Мамандар шетел валютасы бағамынан секемденіп, байбаламға салудың қажеті жоқ екенін ескертіп отыр.

Жазира ДОСМАҒАМБЕТ


Хабарламаларға жазылу