Елімізде 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет сәуір айында қайта қаралатын болды. Бұған қара алтын құнының күрт арзандауы себеп.
Үкімет ең әуелі бюджетті қайта қарауды жоспарлап отыр. Өйткені, еліміздің басты қаржылық құжаты мұнай баррелі 45 пен 55 доллар аралығында болады деп есептелген. Бірақ қара алтын қазір 33 долларға бір-ақ түсті. Мұнайдан түсетін кіріспен бюджетінің бір бүйірін толтырып отырған Қазақстан үшін бұл алаңдатарлық жағдай. Сондықтан келесі айда бюджет қайта қаралып, миллиардттар қысқарып қана қоймай, ауқымды жобалар кейінге шегерілуі мүмкін.
Жұртты жұмыспен қамту да басты назарда. Биыл 700 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылуы керек. Бұл «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Әлемдегі экономикалық ахуал қалай өрбитіні қазір ешкім дөп басып айта алмайды. Қазіргі жағдайдың өзі ЖІӨ-ді 2 процентке дейін түсіруі ықтимал. Сондықтан кез-келген қиын жағдайға дайын болу үшін түрлі жоспар әзірленген.
Досжан МАРАТҰЛЫ