Иордания жерінде өткен Азия аймақтық турнирінде былғары қолғап шеберлері жақсы өнер көрсетіп, Олимпиада ойындарына 8 бірдей жолдама ұтып алды. Ерлер құрамасы 7 лицензияға қол жеткізсе, әйелдер арасында бір жолдаманы 19 жасар боксшы қыз Надежда Рябец ұтып алды. Осылайша жалпы Қазақстан құрамасының спортшылары жолдама санын 41-ге жеткізді. Ал былғары қолғап шеберлерінің олимпиадаға баруына әлі де мүмкіндігі бар. Мамыр айында Париж қаласында әлемдік іріктеу жарысы өтеді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ