Еліміздегі экономика 9 айда 4,3% өсім көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі экономика 9 айда 4,3% өсім көрсетті

17.10.2017

Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша елдегі экономикалық өсім 4,3 пайызды көрсетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты. Өсімге макроэкономикалық тұрақтылық пен сыртқы нарықтардағы қолайлы ахуал және біздің экспорттық тауарларға бағаның өсуі оң әсер еткен. Сондай-ақ, экономиканың негізгі қозғаушылары  ретінде өнеркәсіп пен құрылыс, сауда мен көлік тасымалы салалары аталды. Үкімет жоспары бойынша биыл жыл соңында экономикалық  өсім 3,4 пайызды құрайды.  Ал, инфляция деңгейі жоспарлаған дәлізден аспайды.

Руслан Даленов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Бұл біздің консервативті болжамымыз. Ол базалық сценарийлерге негізделген. Биылғы жоспардың орындалуы төртінші тоқсандағы мұнай өндіру мен ауыл шаруашылығы және құрылыс саласындағы көрсеткіштерге тікелей байланысты. Бірақ, кемінде 3,4 пайыздық өсім болады деп мәлімдейміз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу