Ағымдағы міндеттемелерге қатысы жоқ шетелдік валюталарды сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.
«Самұрық-Қазына» қорына, басқарушы холдингтерге бұрынғы жеткізілген келісімдерге сәйкес, өздерінің валюта нарығындағы іс-қимылын Ұлттық банкпен келісуді тапсырамын. Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері бақылауды және тиісінше үйлестіруді қамтамасыз етсін. Ағымдағы міндеттемелерге қатысы жоқ шетелдік валюталарды сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу салынсын», - деді Асқар Мамин.