Трамп коронавирусқа байланысты экономикада ірі қадамға баратынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп коронавирусқа байланысты экономикада ірі қадамға баратынын мәлімдеді

10.03.2020
Трамп коронавирусқа байланысты экономикада ірі қадамға баратынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Құрама Штаттар экономикасына ірі өзгеріс әкелетін жаңалығымен бөліспек. Ол бұл ұсынысын алдымен конгрес мүшелерімен талқылап, содан кейін ғана баспасөз мәслихатында жарияламақ ниетте. Бұл АҚШ азаматтарының жалақысынан ұсталатын салықтарды азайтумен тікелей байланысты. Сондай-ақ, Трамп салықтық жеңілдіктерді алып тастауды жоспарлап отырғанын да жасырмады. 

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-та бүгін тіркелген 3 жағдайды қоса есептегенде, қауіпті вирус түрінен көз жұмғандар саны 25-ке жетті. Көз жұмғандардың ішінде 20-сы Қарттар үйінің тұрғындары. 

Ал вирус жұқтырғандар 600-ден асып кетті.

Айта кетейік, Трамп вирус жұқтырған конгрес мүшелерімен қарым-қатынаста болуы мүмкін деген күдікке ілінген еді. Бұдан кейін Ақ үй басшысы COVID-19-ға анализ тапсырады деген сыбыс та шыққан. Кейіннен Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гриш АҚШ президентінің анализ тапсырмағанын, алаңдауға еш себеп жоқ екенін мәлімдеді.

Хабарламаларға жазылу