Еліміздің әр өңірінде баға түрліше құбылып тұр. Кейбір тауарлардың бағасындағы айырмашылық 2 еседен асады. Мәселен, бірінші сұрыпты бидай ұны Павлодарда 84, ал Алматыда 161 теңгеден сатылады.
Сары майдың ең арзаны Павлодарда. Келісі - 1249 теңге. Ең жоғары баға Ақтауда - 2854 теңге. Арзан сүт Көкшетауда 116 теңгеден сатылса, Алматыда екі есе қымбат - 246 теңге.
Картоп Оралда 75, ал Ақтауда 126 теңге. Қызылорда мен Астана қалаларындағы күріштің бағасында айырмашылық 2 еседен асады. Келісі тиісінше 202 және 405 теңгеден.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ