Жеңілдетілген несие арқылы автокөліктер алуға 20 миллиард теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген несие арқылы автокөліктер алуға 20 миллиард теңге бөлінді

06.03.2020

Жеңілдетілген автониесие бағдарламасы арқылы 20 мыңнан аса отандасымызыз темір тұлпар тізгіндеді. Бұл жөнінде «Қазавтопром» компаниясының өкілі мәлімдеп отыр. Еске салайық бағдарлама 2015 жылы отандық көлік өндірушілерін қолдау мақсатымен іске қосылған. Бұл үшін ұлттық қордан 15 миллиард теңге бөлінген. Қарыз алушыға берілетін несиенің мерзімі — 5 жыл. Жылдық атаулы мөлшерлеменің көлемі 4 пайыздан аспайды. Яғни жылдық тиімді мөлшерлеме сақтандыруға және несиені рәсімдеуге кеткен шығындарды қоса есептегенде 7,5 пайызды ғана құрайды.  

Ләйлә ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу