Ақмола облысында шағын қамтылған мектептер көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында шағын қамтылған мектептер көп

06.03.2020

Шағын мектеп - шала білім. Еліміздегі шағын қамтылған мектептердің 70 проценті Ақмола облысында. Демек бала саны аз білім ордаларының көпшілігі осы өңірде. Әр сыныпта 2-3 оқушы ғана оқитын мектептер бар. Сондықтан бірнеше сынып бірігіп білім алуға мәжбүр.

Шағын мектептердің материалдық-техникалық базасы да әлсіз. Арнайы зертханалар атымен жоқ. Кейбір пән мұғалімдері жетіспейді. Бұл білім сапасына тікелей әсер етері анық.

Мұндай мектептерде мұғалімдердің жалақысы да мардымсыз. Себебі еңбекақы балалар мен сағат санына қарай төленеді. Бүгінде Ақмола облысында 556 білім ошағы болса, оның 373-і, яғни 67 проценті осындай шағын қамтылған мектептер. Білім сапасын көтеру үшін өңірде тірек мектептері қарастырылған. Балалар жылына 3 рет барып оқып келеді. 

Ауылдағы ағайын тәрбиенің өзегі –мектепті сақтап қалуды көздейді. Бірақ бала саны уақыт озған сайын азайып барады. Облыста жылына 5-6 мектеп жабылады.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу