Атырау облысына қарасты Мақат ауданында шаруалар судан тарығып отыр. Төрт түлік үшін суды сатып алатын малшылар артық шығынға баттық деп ашынады. Ал жергілікті билік нақты әркет етуге қауқарсыз.
Мақат ауданында 35 шаруақожалық бар. Көбі судан тарығып отыр. Құбыр желісі қора жайдан алыста орналасқан. Өз күшімен тартып алу, қарапайым шаруаға қымбатқа түседі.
Су тапшылығын шешу үшін аудан төңірегінде кешенді зерттеу жүргізілмек. Жұмыс оң нәтиже берсе, арнайы жоба жасақталады.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ