Алматы облысында тұтас бір ауыл ауыз суға жарымай отыр. Еңбекші қазақ ауданына қарасты 600 ошағы бар Нұра елді мекенінің тұрғындары тіршілік нәрін кезекте сағаттап тұрып алуға мәжбүр. Ауылдағы айналдырған 3 суағар күніне екі ақ сағатқа қосылғандықтан, бір бірімізбен жаға жыртысуға дейін баратынын айтады олар. Ал аймақ басшылары құбыр жүргізуге 2013 жылдан бері қаражат бөлінбей отырғанын айтады.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ