Коронавирусқа қарсы сақтық шаралары тұмауды азайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қарсы сақтық шаралары тұмауды азайтты

06.03.2020

Әсіре сақтық тұмауды әлсіретті. Жұрттың коронавирустан сақтанғаны сонша, әдеттегі тұмауды да аз жұқтыратын болған. Нәтижесінде жедел инфекциялық аурулармен ауруханаға түсетіндердің саны екі есе азайған. Мамандар осылай адамдардың өз денсаулығына мұқият болуға шақырды. Бұған қоса жұқпалы дерт өршіп тұрған елдерге, әуе-рейстеріне әлі де шектеу барын ескертті.

Тап осы сақтану шаралары елімізді қауіпті дерттен қорғап тұр. Үкімет індет ошағынан қазақстандықтарды елге алдырып, оқшаулады. Бір ерекшелігі, вирус жұқтырған адамның иммунитеті күшті болса, өзі ауырмайды. Бірақ жан-жағын таратады. Сосын бұл вирус адамға жұққанымен жасырын жатып, бірнеше күннен соң белгі беруі мүмкін. Сол себептен екі апталық карантин арқылы қауіпке «тосқауыл» қойылады.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу