Президент «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысын қабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысын қабылады

06.03.2020

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы қызметкерлерінің шетелдік іс-сапарларына шектеу қойылды. Өндіріс орындары мен офистерде қороновирусқа байланысты алдын алу шаралары қабылданған. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының қабылдауында болған ұлттық компанияның басқарма төрағасы Алик Айдарбаев мәлімдеді. Президент вирустың өндіріс үдерісіне кері әсерін азайту жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық мұнай-газ компаниясының жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалары туралы баяндалды.

Ләйлә ДУЛАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу