Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар елге қайтқысы келеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев мәлімдеді. Вице-министрдің сөзінше, ондағы отандастырымыз елшілікке жүгінген. Алайда дәл қазір эвакуация жасайтындай мәселе жоқ. Естеріңізге сала кетейік, қазір Оңтүстік Кореяда 35 мыңдай жерлесіміз бар.